Алматылық сот орындаушысына 8,6 млн теңге айыппұл салынды
Алматы қаласы Наурызбай ауданының прокуратурасы жеке сот орындаушысының өкілеттігін теріс пайдаланғанын анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
«Сот орындаушысы борышкердің банк шотына бұрын салынған тыйымды заңсыз алып тастаған, бұл шотта берешекті өтеуге жеткілікті қаражат болған. Салдарынан өндіріп алушыға 35,6 млн теңге көлемінде материалдық залал келді», делінген хабарламада.
Наурызбай аудандық сотының үкімімен жеке сот орындаушысы Қылмыстық кодекстің 251-бабы бойынша кінәлі деп танылып шамамен 8,65 млн (2 000 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды, сондай-ақ ол сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске слаа кетсек, елімізде борышкерлердің шотын бұғаттан шығару жөнінде науқан басталды.