Михаил Шайдоров: «Ақорданы аралау бала күнгі арманым еді»

Михаил Шайдоров: «Ақорданы аралау бала күнгі арманым еді»
Фото: t.me/bort_01

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров бала кезінде Ақордаға баруды армандағанын айтты. Оның арманы бүгін жүзеге асыпОлимпиада чемпионына еліміздің бас резиденциясына экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Экскурсия барысында чемпионға Ақорданың салтанатты залдары мен жұмыс кабинеттері көрсетілді. Шайдоровтың айтуынша, Ақордаға бару ол үшін экскурсия ғана емес, маңызды оқиға болды.

«Ақорданы аралау бала күнгі арманым еді. Бүгінгі көргенім күткенімнен де әсерлі болды. Маған салтанатты залдардың ішінен шығыс залы өте қатты ұнады», - деп резиденция қабырғасындағы эксклюзивті экскурсиядан алған әсерімен бөлісті чемпион.

ҚР Президентінің телерадиокешені осы тарихи сәттің атмосферасын және триумфатордың шынайы эмоцияларын түсірді.

Айта кетейік, Ақордада XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров пен оның тәлімгерлерін марапаттау рәсімі өтті.