«Мерейлі отбасы -2025» байқауының астаналық жеңімпаздары сайлауда дауыс берді
«Мерейлі отбасы-2025» байқауының Астана қаласы бойынша жеңімпаздары Сайран және Айнаш Айтқожиндер бүгін Құрылтай сайлауында өзінің №95 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz astana-akshamy.kz-ке сілтеме жасап.
Сегіз баланың, яғни 4 ұл мен 4 қыздың ата-анасы балаларына барлық жағынан үлгі-өнеге болып, ізгі істерге жол көрсететінін айтты.
-Еліміз үшін тарихи оқиға болып отырған бүгінгі сайлау біз үшін де маңызды. Көп балалы отбасы ретінде біз өз балаларымызға барлық жағынан үлгі болғымыз келеді. Білім мен өнерге ұмтылып, жетікстіктерге жетуде де, осындай қоғамдық өмірде белсенді болуда да елдің ішкі өзгерістерінен тыс қалмауына септік етіп, бәрін алдымен өзіміз көрсетіп береміз. Міне бүгін де бүкіл отбасымызбен сайлау учаскемізге келіп, еліміздің болашағы үшін дауыс бердік. Себебі Құрылтай сайлауы - Қазақстанның жаңа саяси өміріндегі елеулі оқиға, Мемлекет басшымыздың шешімімен, халықтың қолдауымен болып жатқандықтан біз де осы елдің азаматы ретінде өз ұстанымымызды танытып, дауыс бердік, - дейді отанасы Айнаш.

Бүгінде бұл отбасында балаларының үлкені, яғни қызы да 18-ге толып, Айтқожиндер әулетінен үш адам бүгін дауыс беруге қатысты. Ал қалған жеті баласы осы тарихи сәттің куәсі болды.