Мемлекеттік рәміздер күніне орай Бас прокуратурада «Ашық есік күні» ұйымдастырылды

Бүгін, 14:01
Думан Аманжол Думан Аманжол
Мемлекеттік рәміздер күніне орай Бас прокуратурада «Ашық есік күні» ұйымдастырылды
Фото: Бас прокуратура

Бас прокуратурада Мемлекеттік рәміздері күніне орай ұйымдастырылған «Ашық есік күні» акциясы аясында Құқық қорғау органдары академиясының тыңдаушыларымен кездесу өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратура ғимаратында ұйымдастырылған экскурсия барысында қатысушылар прокуратура органдарының қалыптасу тарихымен, қызметінің негізгі бағыттарымен және ведомство алдында тұрған міндеттермен танысты.

Тыңдаушылар алдында прокуратура органдары ардагерлерінің Орталық кеңесінің төрағасы Әсет Әділхан мен Бас прокуратураның Кадр жұмысы департаменті бастығының орынбасары Айбар Ілияс сөз сөйледі. Олар жас мамандардың кәсіби қалыптасуындағы жауапкершіліктің маңызын атап өтіп, заң үстемдігі қағидаттарын мүлтіксіз сақтау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттігіне тоқталды.

Сондай-ақ прокуратура органдарындағы кәсіби даму мүмкіндіктері, қызметкерлерге қойылатын талаптар, үздіксіз білім алудың маңызы туралы айтылды.

Кездесу барысында жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастыру, «Адал азамат» тұжырымдамасының адамгершілік қағидаттарын ұстану, мемлекет мүддесіне қызмет ету және жастар арасында патриоттық құндылықтарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау әрбір азаматтың конституциялық міндеті екені атап өтіліп, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңызы туралы айтылды.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Тыңдаушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, прокуратура органдарының өкілдерімен пікір алмасты.

Еске салсақ, Астанада прокуратура балаларға арналған профилактикалық іс-шара өткізді.