«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласының Сарыарқа ауданының прокуратурасы кәмелетке толмағандарға арналған профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасап.
Кездесу барысында балаларға жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары, су айдындарындағы сақтық шаралары, жол қозғалысы қауіпсіздігінің негізі, сондай-ақ құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық түсіндірілді.
Балалардың құқығын қорғау, жеке қауіпсіздік және заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды.
Астана қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың жазғы демалысын қауіпсіз ұйымдастыруға бағытталған профилактикалық іс-шараларды іске асыруды жалғастырады.
Астанада прокуратура балаларға арналған профилактикалық іс-шара өткізді
2 маусым, 2026
Астана қалалық прокуратурасы видеосының скрині
Ұқсас жаңалықтар
23 қазан, 2026
Астанада Республика күні қарсаңында «Ашық Talks» ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті
23 қазан, 2026
Балқаш маңында заңсыз кен өндірілген үш карьер анықталды
22 қазан, 2026
Полицияға QR кодпен шағымдану: Елордада насыбайын автобус салонына түкірген жолаушы қамалды
22 қазан, 2026
Жалған концерт билетін сатқан жігіт 2 жылға бас бостандығынан айырылды