Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады
Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының 2025 жылы атқарған қызметі туралы есепті тыңдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дәурен Қосанов армияның жауынгерлік әзірлігі және Қарулы күштерді дамытудың басымдықтары жөнінде мәлімет беріп, цифрлық технологияларды енгізу, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстары, сондай-ақ қорғаныс инфрақұрылымын жетілдіру шаралары туралы баяндады.
Президенттің Қарулы күштер сапында тәртіп орнату жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы жайында ақпарат ұсынылды.
Жоғарғы Бас қолбасшы министрге армияның жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру, әскери және құқықтық тәртіпті күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
Айта кетейік, Президент бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады.