Референдум-2026

Мемлекет басшысы екі маңызды заңға қол қойды

Мемлекет басшысы екі маңызды заңға қол қойды
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев екі маңызды заңға қол қойды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы «Топырақты қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
 
Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту туралы жарлыққа өзгерістер енгізді.