Мемлекет басшысы: Біз жасампаз ұлт ретінде алдымызға биік мақсат қоямыз

Мемлекет басшысы: Біз жасампаз ұлт ретінде алдымызға биік мақсат қоямыз
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарға әрдайым ел мүддесіне қызмет ете беретініне зор сенім білдірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бірлігімізді бекемдеп, біртұтас халық болып жарқын болашаққа нық қадам басамыз. Қасиетті Отанымыз – Қазақстанды білім-ғылымның, ойлы ортаның және саналы жастардың күшімен түбегейлі жаңғыртамыз. Келер ұрпаққа Өркениетті, Қуатты әрі Әділетті мемлекетті аманат етіп қалдырамыз. Бұл – біздің ұлттық парызымыз. Осы тарихи жолда біз ғалымдардың орасан зор әлеуетіне сенім артамыз. Себебі ғылым өркендесе, бүкіл еліміз дамиды, шексіз мүмкіндіктерге жол ашылады. Ғалымның әрбір жаңалығы тұтас ұлттың мерейін асырады. Сіздер қашанда ел мүддесіне қызмет ете бересіздер деп сенемін. Мемлекет өздеріңізді әрдайым қолдайды», – деді Президент.