10.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Маңғыстауда жол ережесін бірнеше рет бұзған жүргізуші ұсталды

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Маңғыстауда жол ережесін бірнеше рет бұзған жүргізуші ұсталды

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан

Маңғыстау облысында жол қозғалысы ережесін бірнеше рет бұзған жүргізуші ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Өмірзақ ауылындағы өндірістік аймаққа жақын автожолда полицей қызметкерлері DAV көлігін байқап, оның жүрісі күдік тудырды. Көлік жүргізушісі полицияның тоқтау туралы заңды талабына бағынбай, бой тасалауға тырысты. Сондай-ақ ол  бірнеше рет жол қозғалысы ережелерін бұзды.

Ұстау кезінде жүргізушінің Түркістан облысының тұрғыны екені, жүк тасымалдаумен айналысатыны және тиісті құжаттары бары анықталды. Алайда ол медициналық куәландырудан өтуден бас тартты. Азамат келесі құқық бұзушылықтар бойынша жауапкершілікке тартылды: полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбау, маневр жасау ережелерін бұзу, қарсы бағыттағы жолаққа шығу, медициналық куәландырудан бас тарту (мас күйінде көлік жүргізуге теңестіріледі), жол белгілері мен таңбаларын сақтамау, апаттық жағдай жасау. Көлік арнайы тұраққа қойылып, іс сотқа жолданды.
 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗