09.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ұландықтар жол апатынан зардап шеккендерге көмектесті

|
Photo: фото: polisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ұландықтар жол апатынан зардап шеккендерге көмектесті

|
Photo: фото: polisia.kz

Ұландықтар Ақтауда жол апатынан зардап шеккендерге көмектесті. Жол-көлік оқиғасы кезінде Lada автокөлігі жарықтандыру бағанасына соқтығысқан, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көлік қатты зақымданып, ал жүргізуші мен жолаушы көліктен шыға алмай қалған. Жақын жерде орналасқан 6656 Ұлттық ұланның әскери бөлімінің әскери қызметшілері дереу көмекке барды.

Ұлттық ұлан жауынгерлері зардап шеккендерді көліктен қауіпсіз жерге шығарды. Алғашқы медициналық көмек көрсетті.

"Біз апатты бірден байқап, дереу әрекет етуге кірістік. Зардап шеккендер есін жиғанымен, түрлі жарақат алды. Алғашқы медициналық көмек көосетіп, бірден жедел жәрдем шақырдық", - деді әскери жасақ бастығы Решат Ғазымбеков.

Сондай-ақ әскерилер полиция келгенге дейін оқиға болған жерді бақылауды қамтамасыз етіп, ықтимал апаттың алдын алды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗