Корей қоғамы Қазақстанды қандай қырынан таниды

Корей қоғамы Қазақстанды қандай қырынан таниды
Фото: pexels.com

Бұл туралы шығыстанушы ғалым, «Корей тілі» оқу құралының авторы Дастан Ақаш Elordainfo.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

«Корей қоғамы үшін Қазақстанның образы бірнеше қырдан қалыптасқан. Біріншіден, олар Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды экономикалық және стратегиялық серіктес ретінде таниды. Екіншіден, Қазақстан – жүз мыңнан астам этникалық корейлер өмір сүріп жатқан, қоғамдық тұрақтылыққа мән беретін мемлекет. Сонымен қатар біздің ядролық қарудан бас тарту тәжірибеміз бен көпвекторлы дипломатиямыз жиі аталады. Соңғы жылдары корей аудиториясының Қазақстан тарихы мен мәдениетіне және еліміздегі цифрлық дамуға деген қызығушылығы артып келеді. Әсіресе, Қазақстанға туристік қызығушылықтың артуы мен білім беру саласындағы өзгерістерге айрықша назар аударылып жатыр», – деді Дастан Ақаш Elordainfo.kz тілшісіне.

Оның сөзінше, шығыстану – тек академиялық бағыт емес, бұл – өркениеттік таным.

«Шығыс» ұғымының географиялық ауқымы қандай болса, тарихи-мәдени мәні де сондай терең. Бір кездері Шығыс атауы ғылым мен білімнің, өркендеу мен дамудың синонимі іспетті еді. Адамзаттық діни сенімдер, тарихта ізі қалған өркениеттер, дүниетанымдар мен ілімдер, терең руханият пен бірегей салт-дәстүрлер осы кеңістікте тоғысқан. Сондықтан бұл саланың академиялық маңызы әрқашан жоғары.

Шығыстану – ғылым мен тәжірибені қатар ұштастыратын сала. Шығыстанушының басты мақсаты – терең білім арқылы өз ұлтын әлемге таныту және Шығыстағы дамыған елдердің тәжірибесін ел игілігіне пайдалану. Шығыс бүгін де, ертең де адамзатты таңғалдыратын ерекше зерттеу нысаны болып қала береді», – деді ғалым.

Сұхбаттың толық нұсқасын осы жерден оқи аласыз.