Көкшетауда төтеншеліктер екі күн бойы есігін ашпаған ер адамды құтқарды

Бүгін, 17:05
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Көкшетауда төтеншеліктер екі күн бойы есігін ашпаған ер адамды құтқарды
Фото: https://t.me/dchsakmol

Бүгін төтеншеліктерге Көкшетау қаласының тұрғындарынан 1988 жылы туған ер адам ұзақ уақыт бойы пәтер есігін ашпай, байланысқа шықпай жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары полиция қызметкерлерімен альпинистік жабдықтарды пайдалана отырып, бес қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің 4-қабатында орналасқан пәтерге кіріп есікті ашты.

Құтқарылғаннан кейін ер адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

Еске салайық, бұдан бұрын ТЖМ еліміздің бірнеше өңірінде болуы мүмкін қар көшкінінің қаупі туралы ескерткені туралы жаздық.