ТЖМ еліміздің бірнеше өңірінде болуы мүмкін қар көшкінінің қаупі туралы ескертті

Бүгін, 12:32
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
ТЖМ еліміздің бірнеше өңірінде болуы мүмкін қар көшкінінің қаупі туралы ескертті
Фото: ТЖМ

Қолайсыз ауа райы жағдайлары мен қардың жиналуына байланысты еліміздің бірнеше аймағында өздігінен қар көшкіні жүру қаупі сақталып отыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қар көшкіні жағдайын бақылау мақсатында «Қазселденқорғау» мамандары көшкін қаупі бар учаскелерге тұрақты мониторинг жүргізуде. 378 жерүсті тексеру өткізіліп, 110 ескерту белгісі орнатылды. 

Сондай-ақ, көшкін қауіпті кезең басталғалы 66 қар көшкіні тіркеліп, қауіпсіздік мақсатында 99 профилактикалық түсіру жүргізілді.

«Алматы қаласы, Алматы облысы, ШҚО, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарының таулы аймақтарында қауіп жоғары», - деп ескертеді ТЖМ. 

Осыған байланысты ТЖМ тауға барудан және қарлы беткейлерге шығудан бас тартуды ұсынады.

Еске салайық, бұдан бұрын Арқалықта су тасқынына қарсы жұмыстарға Ұлттық ұлан жұмылдырылғаны туралы жаздық.