Кюрасао алғаш рет футболдан әлем чемпионатына жолдама алды
19 қараша, 2025
Getty Images
Кюрасао құрамасы өз тобының жеңімпазы атанып, тарихында алғаш рет футболдан әлем чемпионатына шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Кюрасао – Кариб теңізіндегі, Венесуэла жағалауынан 80 км қашықтықта орналасқан арал. Оның халқы 156 мыңнан сәл асады. Бұл арал мемлекеті Исландия орнатқан бұрынғы рекордты жаңартты.
КОНКАКАФ континетінен сынға түсіп жатқан мемлекет өз тобында Ямайка, Тринидад, Тобаго, және Бермуд аралдары құрамаларынан озып, топта бірінші болды.
Айта кетейік, Кюрасао – Нидерланд корольдігі құрамындағы өзін-өзі басқаратын мемлекет. Елдің басшысы король, ал қорғаныс пен сыртқы саясатқа Нидерланд мемлекеті жауап береді. Дегенмен Кюрасао, Фарер аралдары немесе Уэльс сияқты, ФИФА құрамына кіреді.
Ұқсас жаңалықтар
22 наурыз, 2026
Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан Астана тұрғындарына тілегін арнады
22 наурыз, 2026
Боксшы Нұрбек Оралбай Наурыз мейрамына өз тілегін арнады
21 наурыз, 2026
Ауыр атлет Едіге Емберді Наурыз мейрамына қатысты жылы лебізін білдірді
21 наурыз, 2026
Шорт-трекші Абзал Әжғалиев елордалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады