04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Үкімет дамудың басым бағыттарына 1,4 трлн теңгені қайта бөледі

|
Photo: Фото: primeminister.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Үкімет дамудың басым бағыттарына 1,4 трлн теңгені қайта бөледі

|
Photo: Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мәжілістің жалпы отырысында «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы бойынша баяндама жасай отырып, қаржы министрі Мәди Такиев құжаттың 2030 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде Бюджет кодексіне сәйкес дайындалғанын атап өтті.

«Бірлескен жұмыстың нәтижесінде бюджет қаражаты қайта бөлінді: 30 млрд теңге – өңірлердегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға бағытталған болса; шамамен 4 млрд теңге – бірінші кезектегі шығыстарды қамтамасыз етуге бағытталады. Сонымен қатар дамудың басым бағыттарына 1,4 трлн теңге сома қайта бөлінді», - деді министр.

Мәди Такиев биылғы бюджетті қалыптастыру ең жауапты және күрделі процестердің бірі болғанын айтты.

Оның айтуынша, бұл нәтиже мен тиімділікке бағдарланған жаңа Бюджет кодексінің қолданылу аясында қалыптастырылған алғашқы бюджет.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗