Референдум-2026

Карантиндік бақылау қауіпті зиянкестің таралуына тосқауыл болды

Карантиндік бақылау қауіпті зиянкестің таралуына тосқауыл болды
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар Петропавл қаласында карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу барысында Ресей Федерациясынан әкелінген қарағай сүрегінен дайындалған араланған ағаш материалдары легінен карантиндік нысан – кіші қара шырша мұртты қоңызын (Monochamus sutor L.) анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы көлемі 33 текше метр.

Залалдану фактісі «Фитосанитария» ШЖҚ РМК жүргізген карантиндік фитосанитариялық сараптаманың қорытындысымен расталды.

«Еліміздің өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жеке кәсіпкерге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді», - делінген хабарламада.

Сот қаулысымен кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды. Карантиндік өнім жойылды