Оқу-ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ жанынан Республикалық оқу-әдістемелік кеңес өз жұмысын бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеңес ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін әзірлеу мен енгізуге бағытталған инновациялық тәсілдерді сараптамалық бағалаудан өткізеді.
Өтінімдер жылына 4 рет қабылданады:
1–15 қаңтар аралығында
1–15 сәуір аралығында
1–15 шілде аралығында
1–15 қазан аралығында
Оған педагогтер мен сала мамандары өздерінің авторлық оқу-әдістемелік материалдары мен бағдарламаларын ұсына алады.
Сараптамадан өту талаптарымен special-edu.kz порталындағы «РОӘК» бөлімінен танысуға болады.