Іле-Алатауы ұлттық паркі қар барысын спутниктік бақылауда ұстап отыр

Бүгін, 17:03
Думан Аманжол Думан Аманжол
Іле-Алатауы ұлттық паркі қар барысын спутниктік бақылауда ұстап отыр
видеодан скрин

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі биыл ақпан айында спутниктік қарғыбау тағылған қар барысын бақылау жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Elordainfo.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта жыртқыш өзіне тән мекен ету аумағында еркін қозғалып жүр. Спутниктік телеметрия деректеріне сәйкес, қар барысы түрге тән табиғи мінез-құлқын көрсетуде.

Бұл деректер оның табиғи ортаға бейімделу ерекшеліктерін жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар мамандар фототұзақтар арқылы жыртқыштың жағдайын тұрақты түрде бақылауда ұстап отыр, делінген хабарламада.

Үш айлық бақылау барысында жыртқыштың қалыпты қоректену мінез-құлқы сақталғаны және оның жақсы физикалық жағдайда екені анықталды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар сирек кездесетін жыртқышты нақты уақыт режимінде тиімді қорғауды қамтамасыз етудің маңызды негізі болып табылады.

Еске салсақ, Бурабайда орманға рұқсатсыз көлігімен кіргендер жауапкершілікке тартылды.