«12 млн теңге талап еткен»: ІІМ қылмыстық қауымдастық мүшелерін ұстады

Бүгін, 21:08
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
«12 млн теңге талап еткен»: ІІМ қылмыстық қауымдастық мүшелерін ұстады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Астана және Алматы қалаларында бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасаған қылмыстық қауымдастық мүшелерін ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. .

Күдіктілерге адам ұрлау, бопсалау және бөтеннің мүлкін қасақана жою фактілері бойынша айып тағылып отыр. Алматы қаласындағы эпизодтардың бірінде қаскөйлер жергілікті тұрғынды ұрлап, күш қолданып, одан 12 млн теңге талап еткен. Бизнес өкілдеріне қысым көрсету, сондай-ақ, оларды қорқыту мақсатында автокөліктерді өртеу фактілері тіркелді.

20-дан астам тінту жүргізіліп, ірі көлемдегі ақша, суық қару және өзге де заттай дәлелдер тәркіленді. Алты күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Бұған дейін Маңғыстауда заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталғанын жаздық.