Елорданың «Алматы» ауданында «Көлік сағаты» ашық қоғамдық тыңдауы өтеді
12 тамызда елорданың «Алматы» ауданында «Көлік сағаты» ашық қоғамдық тыңдауы өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
«Көлік сағаты» ашық қоғамдық тыңдауы ауданның көлік және жол инфрақұрылымы мәселелеріне арналады.
Іс-шара 12 тамызда сағат 17:00-де Тәуелсіздік даңғылы 7 мекенжайында орналасқан «Алматы» ауданы әкімдігі ғимаратының 2-қабатында өтеді.
Кездесу аясында келесі өзекті мәселелер қарастырылады:
- қоғамдық көліктің жұмысы;
- жолдардың жағдайы;
- көшелердегі кептелістер мен көлік жүктемесі;
- автотұрақ кеңістіктері;
- жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі;
- жолдар мен аялдамаларды жарықтандыру;
- автобус маршруттары;
- бағдаршам нысандарының, жол белгілері мен жол таңбаларының жұмысы;
- тұрғындардың өтініштері, шағымдары мен ұсыныстары.
Тыңдауға «Алматы» ауданы әкімінің аппараты, Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы, «City Transportation Systems» ЖШС, №1 автобус паркі, Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы, Әкімшілік полиция басқармасы, «СМЭУ Астана» ЖШС өкілдері қатысады.

«Көлік сағаты» – бұл тұрғындар мен жауапты мекемелер арасындағы көлік, жол қауіпсіздігі және қалалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша ашық диалог алаңы.
Барлық аудан тұрғындарын белсенді қатысуға, өзекті мәселелерді көтеріп, ауданның көлік ортасын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге шақырамыз», делінген хабарламада.