03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігі

Қыс мезгілінің басынан бері елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Осы уақыт ішінде қар полигондарына 70 мыңнан астам рейс қар шығарылды, деп хабарлады Elordainfo.kz  Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

7-інен 8 желтоқсанға қараған түні коммуналдық қызметтер 15 мың текше метрден астам қар шығарды, полигондарға 1 249 рейс жасалды.

Бүгін қала бойынша қар тазалау жұмыстарына 1,2 бірліктен астам арнайы техника және 2,6-дан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.

Айта кетейік, биыл қыс мезгілінің басынан бері елордадан 890 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 70 233 жүк көлігінің көлеміне тең.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗