Елордалық оқушыларға буллинг пен бопсалау жауапкершілігі түсіндірілді

Бүгін, 15:39
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елордалық оқушыларға буллинг пен бопсалау жауапкершілігі түсіндірілді
Видеодан алынған скрин

«Нұра» ауданы прокуратурасы «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында №90 мектеп-гимназиясының «Болашақ прокурорлар клубы» мүшелерінің қатысуымен сот отырыстарын ұйымдастырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана прокуратурасына сілтеме жасап.

Іс-шара барысында оқушыларға «Білім туралы» Заңның 47-бабына сәйкес мектеп жарғысын сақтау міндеті түсіндірілді.

Сонымен қатар, буллинг жасау, ақша немесе өзге де мүлікті бопсалау, сондай-ақ мектеп аумағына тыйым салынған заттарды, оның ішінде пневматикалық қару мен айналадағыларға қауіп төндіретін басқа да заттарды алып кіру әрекеттері үшін заң аясында жауапкершілік қарастырылатыны ескертілді.

Прокуратура өкілдері оқушыларға қоғамдық тәртіпті сақтау, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және білім беру ұйымдарындағы мінез-құлық нормаларын ұстанудың маңызын атап өтті.

Еске салсақ, Астанада алимент өндірудің тиімділігін арттыру мәселесі жөнінде дөңгелек үстел өтті.