Қазіргі уақытта Астана қаласы бойынша сайлаушылардың 49,87 пайызы дауыс берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Астана қаласындағы сайлаушылардың 49,87 пайызы дауыс берді.
Елордада сайлауды өткізуге 524 сайлау комиссиясы жұмылдырылды, олардың құрамына 4 263 сайлау комиссиясының мүшесі бар. 520 сайлау учаскесінің 117-сі уақытша сайлау учаскесі.
Еске сала кетсек, Астанада танымал мәдениет, спорт қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері сайлауға қатысты.