Референдум-2026

Орталық касса 30 тамыз күні жұмыс істемейді

Орталық касса 30 тамыз күні жұмыс істемейді
Фото-коллаж: Elordainfo.kz

Конституция күніне байланысты Астанадағы Орталық касса жұмыс істемейді, деп хабарлады Elordainfo.kz CTS Transportation System ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Алдағы мерекеде яғни  30 тамызда Орталық касса жұмыс істемейді. 31 тамызда, сенбі күні кестеге сәйкес жұмыс істейді. 1 қыркүйек, жексенбі – демалыс. Орталық кассаға баруды жоспарлаған кезде осыны ескерулеріңізді сұраймыз. Жұмыс уақыты: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (соңғы талон сағат 17:45-ке беріледі), үзіліссіз. Мекенжайы: Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1», - деп жазылған «City Transportation Systems» ЖШС хабарламасында.