Референдум-2026

Елордада қарудың заңсыз айналымына қарсы рейд жүріп жатыр

Бүгін, 15:18
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елордада қарудың заңсыз айналымына қарсы рейд жүріп жатыр
Фото: polisia.kz

15-31 шілде аралығында Астана қаласы аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатырдеп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қару-жарақтың, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттардың заңсыз айналымының алдын алу, оларды анықтау және жолын кесу. Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу көзделген.

Полиция департаменті тұрғындарды заң талаптарын қатаң сақтауға, азаматтық қаруды қауіпсіз сақтау ережелерін бұзбауға шақырды.

Сондай-ақ құқық қорғау органдары заңсыз сақталған немесе айналымдағы қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар туралы қандай да бір ақпаратқа ие азаматтарды дереу 102 нөміріне тәулік бойы хабарлауға үндейді.

Ведомствоның мәліметінше, қаруды заң талаптарына сай сақтау және оны пайдалану ережелерін сақтау – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі. Полиция азаматтарды қырағылық танытып, заң талаптарын сақтауға шақырады.

Еске салсақ, «Барап» балалардың спорт-сауықтыру орталығында қауіпсіздік сабағы өтті.