05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада Конституция күніне орай бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді

|
Photo: Фото: Elordainfo.kz/Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада Конституция күніне орай бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді

|
Photo: Фото: Elordainfo.kz/Оңалхан Өнерхан

30 тамыз күні Ботаникалық бақта ҚР Конституциясы күніне арналған бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Жарысқа қатысқысы келетіндер 30 тамызда сағат 07:00-ден 08:00-ге дейін тегін тіркеле алады. Жарыстың өзі 08:00-де басталады.

Жарысқа қашықтықты еңсере алатын барлық ниет білдіруші шақырылады:

Үлкен жарыс – 4000 м;

Кіші жарыс – 1300 м.

Іс-шара аяқталғаннан кейін тіркелген қатысушылар арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ұтыс ойыны өтеді.

Айта кетейік, бұқаралық жүгіру спорттық іс-шара болып саналмайды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗