Референдум-2026

Елордада есептегі тұлғалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі қаралды

Бүгін, 13:45
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада есептегі тұлғалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі қаралды
Фото: видеодан скрин/prokuratura.ast

Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында және есепте тұрған тұлғалардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында уәкілетті органдармен ведомствоаралық кеңес өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Сотталғандар арасында қайталанған құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларға кешенді көмек көрсету, жұмысқа орналастыруға, қайта оқытуға жәрдемдесу мәселелері талқыланды.

Жыл басынан бері қолдау шараларымен 159 сотталған жұмысқа орналастырылды.

Жұмыссыз ретінде 34 тұлға тіркелді.

203 сотталғанға 258 түрлі қызмет көрсетілді (тұрғын үй, балабақша кезегіне тұру, емханаға тіркелу, ЭЦҚ және т.б.)

Талқылау қорытындысы бойынша қала прокуратурасы есептегі тұлғалардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты күшейту жөнінде тапсырмалар берді.