04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада ер адам курьердің велосипедін ұрлап кеткен

|
Photo: Фото-коллаж: Elordainfo.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада ер адам курьердің велосипедін ұрлап кеткен

|
Photo: Фото-коллаж: Elordainfo.kz

Астанада ер адам курьердің велосипедін ұрлап кеткен, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Курьер кезекші тапсырысын алу үшін мекемеге барады. Оның кіреберісіне велосипедін қауіпсіздік құралдарымен бекітпей қараусыз қалдырып кеткен. Ол мекеме ішінде болғанда күдікті велосипедті ұрлап кеткен.   

«Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы аудандық ПБ қызметкерлері камералардың көмегімен күдіктіні анықтады. Ұры велосипедті кездейсоқ өтіп бара жатқан адамға 12 мың теңгеге сатқан. Ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның бұрын елорда аумағында болған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды», - деп жазылған хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗