Елордада екінші ауысымдағы 9-сыныпқа дейінгі оқушылар қашықтан оқиды

Бүгін, 09:45
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада екінші ауысымдағы 9-сыныпқа дейінгі оқушылар қашықтан оқиды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«15 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, синоптиктердің болжамынша, бүгін Астанада аяз күшейіп, көктайғақ болады.