07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада 133 мың теңгенің спорттық киімін ұрлаған бойжеткен анықталды

|
Photo: фото: Polisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада 133 мың теңгенің спорттық киімін ұрлаған бойжеткен анықталды

|
Photo: фото: Polisia.kz

23 жастағы елорда тұрғыны магнит жапсырмасын алып, киімді үстіне киіп, бутиктен шығып кеткен, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Polisia.kz жазуынша, Нұра ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлыққа қатысы бар қызды анықтады. Бұған дейін ол осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Қыздың айтуынша, сауда орталығына келмес бұрын ол интернет желісі арқылы киімдегі магнит жапсырманы шешу жолдарын зерттеген.

Сауда залында орналасқан бейнебақылау камераларын қарау кезінде жедел уәкілдер бойжеткеннің заттармен бірге киім ауыстыру бөлмесіне кіріп, кейін қолында ештеңесіз шыққанын байқады. Ол жалпы құны 133 мың теңге болатын спорттық киімді кездейсоқ адамдарға сатып жіберген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция сауда қызметкерлерін сақ болуға және дүкендерде ұрлыққа қарсы қосымша қорғаныс шараларын енгізуге кеңес береді.
 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗