Референдум-2026

Елорда жастары Құрылтай сайлауы қарсаңында ауқымды акция өткізді

Елорда жастары Құрылтай сайлауы қарсаңында ауқымды акция өткізді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы қарсаңында 200-ге жуық жастың қатысуымен арнайы акция өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Акция барысында қатысушылар Қазақстанның Мемлекеттік туын жайып, алдағы сайлаудың күнін білдіретін «23» санын символикалық түрде бейнеледі.

Бастама жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға және ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларға назар аударуға бағытталған.

Жастардың бұл іс-шараға белсенді қатысуы олардың азаматтық жауапкершілігі жоғары екенін және елдің болашағы үшін саналы таңдау жасаудың маңызын түсінетінін көрсетті.

Еске сала кетсек, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Астанадағы сайлау учаскелерінің дайындық деңгейін тексерді.