Елорда заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керек – Тоқаев

Елорда заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керек – Тоқаев
Фото: Оңалхан Өнерхан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте елорданың заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керектігін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажет. Азаматтардың тұрмыс-тіршілігі мен жұмысына барынша қолайлы жағдай жасау барлық деңгейдегі әкімдердің басты міндеті болуға тиіс. Ал елорда заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керек. Өйткені оның мәртебесі бөлек. Бұл орайда Астанада қазірдің өзінде біршама нәтижеге қол жеткіздік. Қалалық ортаны дамытудың бірыңғай тәсілі айқындалды. Мұны биыл жазда елімізде өткен саммиттер кезінде өзге де мемлекеттер басшылары байқаған. Мысалы, Төраға Си Цзиньпин қаламыздың келбеті айтарлықтай жақсарғанын айтып, жоғары бағасын берді. Бұл – әлемдік ірі державалардың басшылары Қазақстанға келгенде біздің қалаларымыздың келбетіне мән беріп қарайды деген сөз. Мұны қаперде ұстау керек», - деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкіміне Smart City жобасын тездетіп аяқтауды тапсырғанын жаздық.