«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласының прокуратурасы «Астана Тазалық» МКК қызметкерлері үшін профилактикалық дәріс өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоға сілтеме жасап.
Кәсіпорынның мәжіліс залында Астана қаласы прокурорының көмекшісі Мұхит Қамбаевтың қатысуымен іс-шара өтті.
Дәріс барысында кәсіпорын қызметкерлеріне қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау қағидасы түсіндіріліп, алаяқтық, дропперлік, есірткі қылмыстары және өзге де құқыққа қарсы әрекеттерді қоса алғанда, кең таралған құқық бұзушылықтар үшін көзделген заңды жауапкершілік түрлері туралы ақпарат жеткізілді.
Жалпы іс-шарамен кәсіпорынның шамамен 50 қызметкері қамтылды.
Дәрісті өткізудің негізгі мақсаты - қызметкерлердің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, олардың құқыққа қарсы және қылмыстық схемаларға тартылу тәуекелін төмендету, сондай-ақ еңбек ұжымында құқық бұзушылыққа төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру.
Астана қаласының прокуратурасы қала кәсіпорындарында профилактикалық іс-шараларды өткізу құқық бұзушылықтың алдын алудың негізгі құралының бірі екенін және азаматтардың құқықтық санасын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.
Елорда прокурорлары «Астана Тазалық» қызметкерлеріне профилактикалық дәріс өткізді
21 мамыр, 2026
Астана қалалық прокуратурасы видеосының скрині
Ұқсас жаңалықтар
9 қазан, 2026
«Заң мен тәртіп»: елорда колледждерінде 500 студентке дроппер ісінің қаупі түсіндірілді
9 қазан, 2026
Елордада ер адамдарды алдап кездесуге шақырып, бопсалағандар сотталды
9 қазан, 2026
Астанада құрылыс материалдарын талапқа сай орналастырмаған компания анықталды
9 қазан, 2026
Астанада аялдамадағы камераны бүлдірген оқушылар анықталды