07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елімізде жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстары әзірленеді

|
Photo: фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елімізде жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстары әзірленеді

|
Photo: фото: Оңалхан Өнерхан

Үкімет отырысында Премьер-министр Жасанды интеллектіні дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы мен Жасанды интеллект туралы жаңа заң аясында цифрлық трансформациялау және тиісті шешімдерді енгізу жұмыстарын күшейту үшін бірқатар тапсырма берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Халықтың жасанды интеллект саласындағы жаңалықтардан хабардарлығының төмендігін ескере отырып, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қолданыстағы цифрлық шешімдерді одан әрі жетілдіру және оларды пайдалану туралы жұртшылықты ақпараттандыру міндеті қойылды.
 
Сонымен қатар Премьер-министр Цифрлық даму министрлігіне өңір әкімдерімен бірге келесі жылы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін жасанды интеллект құралдарына оқыту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Ғылым және жоғары білім министрлігі жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстарын дайындауы керек.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗