Елімізде үздік туристік ауыл байқауы жарияланды

Елімізде үздік туристік ауыл байқауы жарияланды

Kazakh Tourism «Үздік туристік ауыл – 2026» байқауына қатысуға өтінім қабылдай бастады, деп хабарлайды Elordainfo.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба тұрақты туризмді дамытуға, мәдени мұра мен дәстүрді сақтауға және еліміздегі ауылдық жерлердің экономикалық өсуіне жәрдемдесуге бағытталған.

Өтінімдер 10 сәуірге дейін қабылданады. Оған облыс әкімдіктері өңірдегі үш ауылды ұсына алады. Байқауға қатысушыларды туризм саласындағы сарапшылардан тұратын тәуелсіз кеңес бағалайды.

Айта кетейік, 2025 жылы үздік туристік ауылдар қатарына Лепсі (Жетісу облысы), Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы), Хан ордасы (БҚО), Поперечное (ШҚО), Шабанбай би (Қарағанды облысы) ауылдары кірді.

Еске сала кетсек, ауылдық жерлерде дәрігер тапшылығы 30 пайызға азайды.