Елімізде сұранысқа ие бағыттардағы пойыз билетін қысқы жеңілдікпен алуға болады

Елімізде сұранысқа ие бағыттардағы пойыз билетін қысқы жеңілдікпен алуға болады
Фото: ҚТЖ

Теміржол билетіне қысқы жеңілдік белгілі бір мерзім ішінде ғана қолданылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz «ҚТЖ» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

Жеңілдіктер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жөнелтілетін пойыздарға сатылады:

№11/12 «Алматы – Шымкент» бағытындағы «Тальго» пойызы

• Жеңілдік түрі: Турист «2Д» орындарына

• Жеңілдік мөлшері — 25%

№65/66 «Астана – Қызылорда» бағытындағы «Тальго» пойызы

• Жеңілдік түрі: үстіңгі орындарға

• Жеңілдік мөлшері — 25%

№105/106 «Алматы – Петропавл» бағытындағы «Тальго» пойызы

• Жеңілдік түрі: үстіңгі орындарға

• Жеңілдік мөлшері — 25%

Еске сала кетсек, халықаралық Jibek joly туристік пойызы Душанбе қаласына дейін баратын болды.