Елімізде көктемгі жабайы аңдар санағы жалғасып жатыр
Соның бірі - 28–29 сәуірі аралығында Ақсу Жабағылы мемлекеттік табиғи қорық аумағында мемлекеттік инспекторлар мен ғылыми қызметкерлердің қатысуымен жүргізілген көктемгі жабайы аңдар санағы. Іс-шараға Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары да қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.
Санақ барысында жануарлар қауымдастығының сандық құрамы, таралу аймақтары және мекен ету ерекшеліктері кешенді түрде бағаланды. Жиналған деректер ғылыми-талдамалық өңдеуден өткізілді.
Жабайы жануарлар санағы нәтижесінде Тянь-Шань қоңыр аюы, Сібір тау ешкісі, арқар, қабан, елік және басқа да жануарлар тіркелді.
Жалпы, аңдардың саны мен көбею көрсеткіштері тұрақты деңгейде екені анықталды.