Елімізде интернет-алаяқтық қылмысын ашу 7,8 пайызға өсті
Елімізде интернет-алаяқтық қылмысын ашу деңгейі 32,2%-дан 40%-ға өсті, яғни өсуі 7,8% болды. Орталық коммуникациялар қызметінде IIM Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай осылай мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Департаментінің басшысы осы қылмыстарға қатысты биылғы 4 айдың қорытындысын жариялады.
«Интернет-алаяқтықтың тіркелуі 2,5%-ға азайды. Ал оны ашу деңгейі 32,2%-дан 40%-ға өсті, яғни өсуі 7,8%-ды құрайды. Ашылмаған қылмыстық істер саны 16,6%-ға кеміді. Жалпы сомасы 20 млрд теңге шығын келтірілсе, соның 4 млрд теңгесі қайтарылған қаражат», - деді Жандос Сүйінбай.
Министрлік киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған ведомстволық бағдарламаны іске асыруға кірісті. Осы саладағы өзекті проблемаларға жан-жақты талдау жүргізіліп, олардың тиімді шешімін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар ұйымдастырушылық және практикалық шаралар қабылданды.
«Интернет-алаяқтыққа қарсы күрестегі жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізудің жаңа форматы енгізілді. Яғни, бұрынғы 3 күнде өтетін іс-шара, енді 3 ай көлемінде жүргізіледі. Оның негізі себебі, киберқылмыстың трансұлттық сипатта болатыны, шекара талғамайтыны және халықаралық ынтымақтастықты күшейтумен байланысты», - деді Жандос Сүйінбай.
Еске сала кетсек, ІІМ балалардың интернеттегі қауіпсіздігі бойынша жадынама жариялады.