Елімізде электр желілеріндегі апаттылық 13 пайызға төмендеді

Бүгін, 21:05
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елімізде электр желілеріндегі апаттылық 13 пайызға төмендеді
Фото: primeminister.kz

Энергетика министрлігі «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында электр желісі инфрақұрылымын жаңарту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

2025 жылы 17 мың км электр беру желілеріне және 420 қосалқы станцияға күрделі жөндеу жүргізілді. Бұл желілердің тозу деңгейін 66%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде электр желілеріндегі апаттылық 13%-ға, яғни 3 140 технологиялық бұзушылыққа азайды.

Биыл да 17 мың км электр желілерін жөндеу қамтылған, оның ішінде:

Ақмола облысы – 2,5 мың км;

Астана – 153 км;

Ақтөбе облысы – 467 км;

Алматы облысы – 351 км;

Алматы – 264 км;

Атырау облысы – 430 км;

ШҚО – 756 км;

Жамбыл облысы – 1,8 мың км;

БҚО – 366 км;

Қарағанды облысы – 1,1 мың км;

Қостанай облысы – 731 км;

Қызылорда облысы – 115 км;

Маңғыстау облысы – 560 км;

Павлодар облысы – 2,4 мың км;

СҚО – 1,1 мың км;

Түркістан облысы – 677 км;

Шымкент – 67 км;

Абай облысы – 769 км;

Жетісу облысы – 422 км;

Ұлытау облысы – 1,8 мың км.

Сонымен қатар 444 қосалқы станцияны, сондай-ақ 3,4 мың тарату пунктін және трансформаторлық қосалқы станцияларды жөндеу көзделген.

Жоспарланған шараларды іске асыру электр желілерінің орташа тозу деңгейін қосымша 65%-ға дейін төмендетуге, электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға және елдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын күшейтуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, Астанада тұрмыстық қалдықты жағып электр қуатын өндіретін кешен салынады.