Елімізде 95 университет оқу жоспарына ЖИ-ге қатысты пәндерді енгізді

6 қаңтар, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елімізде 95 университет оқу жоспарына ЖИ-ге қатысты пәндерді енгізді
Фото: freepik.com

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында уақыт талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ол 2025 жылдан бастап барлық білім беру бағдарламаларына жасанды интеллектті қолдану дағдылары енгізілгенін атап өтті. Қазіргі уақытта 95 университет оқу жоспарына жасанды интеллектке қатысты пәндерді енгізді.

Сонымен қатар 30 жоғары оқу орны жасанды интеллект бағыты бойынша 42 білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда. Профессор-оқытушылар құрамының 54%-ы ЖИ бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Еске салайық, бұған дейін Үкіметте экономиканың барлық саласына технологияларды енгізу мәселесі қаралғанын жаздық.