Ел аумағына аяқ киім импорттаушы өнімді таңбалау талаптарын сақтау қажет

Ел аумағына аяқ киім импорттаушы өнімді таңбалау талаптарын сақтау қажет
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға аяқ киім өнімдерін таңбалау талаптарын сақтау қажеттігін еске салады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

2025 жылғы 9 желтоқсаннан бастап аяқ киім тауарларын Қазақстан аумағына әкелуде  сәйкестендіру құралдары (таңбалаудың) міндетті болуы керек. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өнімде ел аумағына әкелгенге дейін таңбалау жүргізілуі тиіс.

«Кедендік рәсімдерден өту кезінде заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға аяқ киім өнімдерін алдын ала таңбалауды және тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне енгізілетін мәліметтердің дұрыстығын тексеруді ұсынады», делінген хабарламада.

Толығырақ ақпаратты 1414/3 нөмірінен немесе Instagram парақшасынан алуға болады.