Екі өңірде ақбөкендерді заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды – ІІМ

Бүгін, 13:02
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Екі өңірде ақбөкендерді заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды – ІІМ
Фото: freepik.com

Екі өңірде ақбөкендерді заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2025 жылғы 29 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды облысының криминалдық полиция қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің үйлестіруімен ақбөкендердің дериваттарын одан әрі өткізу мақсатында оларды заңсыз аулаумен айналысқан үш адамнан тұратын браконьерлік қылмыстық топты ұстады. Ұсталғандардан жалпы салмағы шамамен 400 келіні құрайтын 1 127 ақбөкен мүйізі, сондай-ақ, екі тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді.

Күдіктілерді және олардың байланыстарын одан әрі тексеру барысында өткен жылдың 24 желтоқсанында Павлодар облысында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарада екі адамнан тұратын браконьерлердің екінші тобы ұсталды. Олардың бірі — шетел азаматы. Аталған тұлғалар мемлекеттік шекара арқылы шамамен 2 мың (1 882) ақбөкен мүйізін контрабандалық жолмен алып өтпек болған. Заңсыз жүк көлігінің арнайы жабдықталған жасырын орнына алдын ала жасырылған. Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тексеру жүргізііп жатыр.

Бұған дейін 40 жастағы Нигерия азаматы Астананың фитнес-залында заңсыз жұмыс істегенін жаздық.