БҰҰ-ның Даму бағдарламасы арқылы еліміздің медицина саласына арнайы 30 автокөлік сатып алынды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп, Пандемиялық қордың қолдауымен елдің зертханалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ауқымды жобаны іске асырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, өңірлерге 30 арнайы автокөлік берілді, олардың сатып алынуы мен жеткізілуін Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) қамтамасыз етті.
Аталған көліктер Ұлттық сараптама орталығына, өңірлік зертханаларға, обаға қарсы станцияларға және Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығына арналған.
Техника елдің барлық өңірлеріне, соның ішінде сапалы логистика аса маңызды болып табылатын ең шалғай аумақтарға дейін бөлініп таратылды.
«Бұл автокөліктердің берілуі сараптамалық топтардың ұтқырлығын едәуір арттырып, биологиялық үлгілерді тасымалдауды оңтайландырады және инфекциялық аурулар өршіген жағдайда зерттеулер жүргізуді жеделдетеді», — деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.
Арнайы көліктер үлгілерді қауіпсіз тасымалдауға арналған жабдықтармен қамтылған, бұл сапалы эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады.
Автопаркті жаңарту төтенше жағдайлар туындаған кезде денсаулық сақтау жүйесінің жедел әрекет етуіне тікелей әсер етеді.
Еске салайық, бұған дейін 1 млн-ға жуық ауыл тұрғынына медициналық қызмет қолжетімді болғаны туралы жаздық.