Бурабайда квадроциклден құлаған бойжеткен қайтыс болды
Бурабайда квадроциклмен ағашқа соғылған бойжеткен ауруханада есін жимастан қайтыс болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
«14 ақпанда Бурабай кентінде квадроциклмен ағашқа соғылған бойжеткенді өте ауыр жағдайда жедел жәрдем бригадасы аурухананың қабылдау бөліміне жеткізді. Ол терең комада болды, ес-түссіз жатты. 23 ақпанда таңертең қайтыс болды», делінген хабарламада.
Оқыс оқиға кезінде бойжеткен көп өте ауыр жарақат алған. Оның бас сүйегі, бас сүйек негізі және бет сүйегі көп жерінен сынған, сондай-ақ ауыр ашық бассүйек-ми жарақаты, ауыр дәрежедегі травматикалық шок болды.
Мұндай ауыр жарақаттан тірі қалу мүмкін емес еді, сондықтан дәрігерлердің де бастапқы медициналық болжамы көңіл көншітерлік болмаған.