01.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Бүгіннен бастап қазақстандықтар жеңіл автокөлікті лизинг арқылы сатып ала алады

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Бүгіннен бастап қазақстандықтар жеңіл автокөлікті лизинг арқылы сатып ала алады

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан

Бүгіннен бастап ел азаматтары жеңіл автокөлікті лизинг арқылы сатып ала алады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Сонымен елімізде жеке тұлғаларға көлікті лизинг арқылы беру тетігі іске қосылды. Лизинг дегеніміз — ұзақ мерзімге автокөлікті, жабдықты немесе техниканы жалға беру түрі. Лизинг компаниясы белгілі бір мүлікті сатып алып, оны адамдарға өзара келіскен мерзімге пайдалануға береді. Жалға алушы сол мүлікті ай сайын немесе келісім бойынша төлемдер жасап пайдалана алады.

Мерзім аяқталған соң үш түрлі таңдау беріледі:

Мүлікті толық сатып алу – барлық төлемдер жасалғаннан кейін көлік меншігіңізге өтеді.
Мүлікті қайтару – мерзім біткен соң көлікті лизинг компаниясына қайтарасыз.
Жаңа мүлікке ауыстыру – ескі көлікті қайтарып, жаңасын лизинг арқылы аласыз.

"Лизинг – автомобильді ұзақ мерзімге жалға алып, мерзімі аяқталған соң оны толық сатып алуға мүмкіндік беретін құрал. Автонесиеден басты айырмашылығы – сатып алушы көлікті пайдалану кезеңіндегі амортизациясына төлейді, сондықтан жарнасы мен ай сайынғы төлемі арзанырақ шығады. АҚШ-та адамдар екі-үш жыл лизингке алған көлігін пайдаланып, кейін жаңа көлікке ауыстырады. Ең басты қауіп – лизингке көлік берген кәсіпорын банкротқа ұшыраса, адам көліктен айырылып қалуы мүмкін", – деді Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗