04.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада Республикалық WorldSkills Kazakhstan 2025 чемпионаты басталды

|
Photo: Оқу-ағарту министрлігі
Астанада Республикалық WorldSkills Kazakhstan 2025 чемпионаты басталды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Астанада Республикалық WorldSkills Kazakhstan 2025 чемпионаты басталды

|

Елордада Жұмысшы мамандықтар арасында оныншы WorldSkills Kazakhstan-2025 республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жұмысшы мамандықтар арасында елімізде бүгін оныншы WorldSkills Kazakhstan-2025 республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті

 3-9 желтоқсан аралығында өтетін республикалық кәсіби құзыреттер чемпионатында өңірлерден келген 825 қатысушы және 719 сарапшы бақ сынауда.

Чемпионат техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру және кадр даярлау сапасын жетілдіру мақсатында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Чемпионаттың ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру, техникалық және кәсіптік білім саласын трансформациялау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

«Биылғы Жұмысшы мамандықтар жылы техникалық және кәсіптік білім саласын жаңа деңгейге көтерген ерекше жыл болды. WorldSkills - білім, дағды, табандылық сыналатын үлкен сын. Бұл – қазақстандық кәсіптік білім беру саласын әлемдік стандартқа жақындатқан реформаның катализаторы», – деді вице-министр.

Айта кету керек, биылғы чемпионаттың ауқымы кеңейіп, құзыреттіліктер саны 30-дан 45-ке дейін арттырылды. Кәсіби құзыреттіліктер қатарына өндіріс, инженерия, ақпараттық технология, креативті индустрия сияқты экономиканың негізгі бағыттары енгізілді. 

Чемпионат жеңімпаздары 2026 жылы Қытайда өтетін халықаралық WorldSkills чеспионатына жолдама алады. 

Бұған дейін қыркүйек айында Ақтау қаласында алғаш рет Қазақстанның бастамасымен «TurkicSkills 2025» халықаралық чемпионаты өткен болатын.  Қазақстанда WorldSkills Kazakhstan қозғалысы 2015 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Жобаның ұлттық операторы - Оқу ағарту министрлігінің «Talap» КЕАҚ.

Еске салайық, бұған дейін Жұмысшы мамандықтар жылы: Астанада республикалық WorldSkills Kazakhstan 2025 чемпионаты өтетінін хабарладық

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗