02.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жұмысшы мамандықтар жылы: Астанада республикалық WorldSkills Kazakhstan 2025 чемпионаты өтеді

|
Photo: Астана қаласы әкімдігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жұмысшы мамандықтар жылы: Астанада республикалық WorldSkills Kazakhstan 2025 чемпионаты өтеді

|
Photo: Астана қаласы әкімдігі

3-9 желтоқсан аралығында Астана қаласында еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру және кадрлар даярлау сапасын жетілдіру мақсатында X республикалық WorldSkills Kazakhstan 2025 чемпионаты өтеді, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Чемпионатта еліміздің барлық өңірінен келген 825 қатысушы және 719 сарапшы бақ сынайды. Сайыстар экономиканың негізгі бағыттарын қамтитын өндіріс, инженерия, ақпараттық технология, сервис, құрылыс, әлеуметтік қызмет және креативті индустрия сияқты 45 құзыреттілік бойынша өткізіледі.

Айта кету керек, WorldSkills International қозғалысы 1946 жылы құрылған және әлем бойынша кәсіби құзыреттерді дамыту мен жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға бағытталған халықаралық платформа болып табылады. Бүгінде қозғалысқа 89 ел мүше, олар бірлесіп заманауи экономиканың талаптарына сай кадрлар даярлаудың бірыңғай стандарттарын енгізіп жатыр.

Қазақстан Республикасында WorldSkills Kazakhstan жобасы 2015 жылдан бері іске асырылып келеді. Жобаның Ұлттық операторы - Оқу ағарту министрлігінің «Talap» КЕАҚ, ол Қазақстанның атынан WorldSkills International және WorldSkills Europe ұйымдарында өкілдік етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗