Референдум-2026

«Болашақпен диалог»: Шымкентте «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы жастармен кездесу өтті

Бүгін, 18:10
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Болашақпен диалог»: Шымкентте «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы жастармен кездесу өтті
Фото: видеодан скриншот/ Бас прокуратура

Қала прокуратурасы №2 Оқушылар сарайының дарынды балаларға арналған лагерінде блогер Мансар Орынханның қатысуымен балалармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Шымкент қаласы прокуратурасына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында прокуратура әзірлеген «Заң мен тәртіп – қоғамның тұрақтылығы мен дамуының негізі» тақырыбындағы бейнеролик көрсетілді.

Балалармен ашық диалог ұйымдастырылып, заңға құрмет, құқықтық сана, азаматтық жауапкершілік және қоғамдағы тәртіптің маңыздылығы жөнінде мазмұнды пікір алмасу өтті.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауап берілді.

Еске салайық, бұдан бұрын елордада полиция ардагері Күлпан Бейсенбина әйел қызметкерлермен кездескені туралы жаздық.