Елордада полиция ардагері Күлпан Бейсенбина әйел қызметкерлермен кездесті
«Заң мен тәртіп, қауіпсіз қоғам, кемел болашақ» қағидасын ту еткен іс-шара аясында Астана қаласы Сарыарқа ауданының әйел қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Кездесудің басты қонағы — ІІО ардагері, полиция полковнигі Күлпан Бейсенбина болды.
Кездесудің басты тақырыбы «Қызметкер әйелдердің қызметтік дәстүрлерді нығайту және тәлімгерлікті дамыту» болды.
Дөңгелек үстел барысында әйел-қызметкерлердің құқық қорғау жүйесіндегі рөлі мен орны; қызметтік міндеттерді атқарудағы заңдылық пен тәртіп; тәжірибелі мамандардың жас буынға қолдау көрсетуі және тәлімгерлік мәселелері талқыланды.
Күлпан Хамзақызы өз сөзінде полиция қатарында еңбек етудің абыройлы міндет екенін атап өтіп, Сарыарқа ауданы ПБ-ның аруларына қызметте сәттілік тіледі.
Өз кезегінде жеке құрам ардагерге ризашылығын білдіріп, естелік суретке түсті.