Header Banner

«Ешқашан белдік тақпаймын»: Алматыда жол ережелерін елемейтінін айтқан әйел жауапқа тартылды

Бүгін, 11:05
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Ешқашан белдік тақпаймын»: Алматыда жол ережелерін елемейтінін айтқан әйел жауапқа тартылды
Фото: Magnific.соm

Алматыда әлеуметтік желіде жол қозғалысы ережелерін әдейі бұзып, өзіне ешқандай жаза қолданылмайтынын мәлімдеген әйелге қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған видеосын жариялаған әйелді анықтап, жауапқа тартты.

Видеода әйелдің қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарғаны және бұл талапты орындаудан ашық бас тартқанын байқауға болады.

Тексеру барысында өзге де заң бұзушылықтар анықталды. Әйелдің бұған дейін сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, рөлге отырғаны белгілі болды.

«Осыған байланысты оған қатысты бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық дерегі бойынша іс қозғалды. Атап айтқанда, көлік басқару құқығынан айырылғаннан кейін көлік жүргізу, қауіпсіздік белдігін пайдалану талабын бұзу, сот шешімін орындамау және жалған ақпарат тарату фактілері бойынша материалдар рәсімделді», - делінген хабарламада. 

Жинақталған материалдар сотқа жолданды. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Сонымен қатар көлік басқару құқығынан айырылған адамға автокөлігін берген көлік иесі де жауапкершілікке тартылды.

Еске салайық, бұған дейін ШҚО-да денесін көлік терезесінен шығарған жолаушының жауапқа тартылғаны туралы жаздық.